RU

Мұқасан Шахзадаев басшылық қызметке тағайындалды

Фото
Видеодан кадр: Гәкку арнасы

"Нұр-Мұқасан" дуэтінің бұрынғы солисі, қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесінің досы әрі әріптесі Мейрамбек Бесбаев Instagram әлеуметтік парақшасында жазды.

"Алматы Әуендерінің" су жаңа көркемдік жетекшісі досым - Мұқасан Шахзадаев. Қазақ әніне 30 жылдан астам уақыт еңбегі сіңген, халықтың сүйікті ұлына айналған Мұқаш ару Алматының өнерін дамыту ісіне зор өмірлік һәм кәсіби тәжірибемен кірісіп отыр. Мұқасанға сәттілік тілейік, ағайын!", - дейді әнші.

Айта кетейік, Мұқасан Шахзадаев 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген.

Өнер иесі 1989 жылы Тараз мәдени училищесін, 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының) музыка факултетін тәмәмдаған. 

1990 жылы "Нұр-Мұқасан" дуэті құрылып, ол топта 25 жыл өнер көрсетті.

Әнші 1996 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын.

Сонымен қатар, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909890-muqasan-saxzadaev-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/