RU

"Миыңды өсір": Төсін көрсеткен Жолдыбаева көптің ашуын тудырды (фото)

Алтынай Жолдыбаева
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Отандық танымал актриса әрі әнші Алтынай Жолдыбаева желіде төсін ашып түскен суретін жариялап, елден оңбай сөз естіді. Желідегілер өнер иесінің қылығын тым ерсі санап, оны қатаң сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаеваның Instagram парақшасындағы жаңа суреті көпшіліктің назарына ілікті. Желі қолданушылары әртіс арудың қылығын қазақ қызына сай емес деп есептеп, оны аяусыз сынап тастаған.

"Төсіңді өсіргенше, миыңды өсір", "Тым үлкен қылып жібергенсің ғой", "Мынау фото тым ерсілеу екен", "Қазақ қыздары мұндай ашық жүрмеген. Ұят жағдай", "Бұл қызға қараған ер адамдардың миы айналып қалған шығар. Бәрі бала-шағасын ұмытып кеткен болар", "Не үшін тым ашық киінесіз? Ең болмағанда оразада тыйылып жүруге болмайды ма осы", - деп шүйлікті желі қолданушылары.

Алайда, Жолдыбаеваның фотосына тамсанғандар да бар болып шықты. Олар өнер иесіне өздерінің жылы лебізін білдіріп, оның мінсіз мүсініне тәнті болғандарын айтты.

"Ел сөйлей береді. Мән берме, сен сұлусың", "Қатты ашылып тұрған ештеңе көріп тұрған жоқпын", "Өзіңізге бәрі жарасады", "Көзімді ала алмай қарап отырмын. Сұлулығыңда шек жоқ", "Қос анарың бірден көзге түседі. Ғашық етеді", "Талдырмаш мүсінді ару жүрегіңіз бос па", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911161-tosin-aiqara-asqan-altynai-zoldybaeva-el-asuyn-tudyrdy-foto/