RU

"Жалғыз мен емес": Ерке Есмахан "Маска" шоуына қазылық етуіне қатысты жауап берді

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан өзінің "Маска" шоуына қазылық етуін сынға алғандарға жауап берді. Жұлдызды доданың жанкүйерлері оны бүркіт бетпердесімен өнер көрсеткен әртістің жобадан шығып кетуіне кінәлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашық болуға тырысатын Ерке Есмахан оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Бұл жолы желідегілер қойған сауалдардың басым көпшілігі "Маска" шоуына қатысты болды. Жұлдызды жобаның жанкүйерлері одан бүркіт бетпердесімен өнер көрсеткен Amre лақап атты әншінің шығып кеткеніне шүйліккн.

Халықтың сүйіктісіне айналып үлгерген Бүркіт аталмыш доданың финалына өте алмады. Бұл жайт оның барша жанкүйерлерінің ашуына тиді. Нәтижесінде көпшілік қазылар алқасының құрамындағы Еркеге өз наразылығын білдіруге көшкен.

Ерке Есмахан аталмыш әртістің "Маскадан" кетуіне қатысты өз пікірімен бөлісті.

"Бүркіт ұясынан ұшты. Енді әндері хит болып, халықтың көңілінен шығып, әр елдің сахналарына ұшып барып, ән салып жүрсін деп тілеймін. Сосын маған не болса, соны жазбаңдар. Жюриде отырған жалғыз мен емес. Содан соң, қағазға мен аққу деп жаздым ба, бүркіт деп жаздым ба сіздер білмейсіздер. Сол себепті қоя қойыңдар", - деді Ерке.
Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914860-zalgyz-men-emes-erke-esmaxan-maska-souyna-qazylyq-etuine-qatysty-zauap-berdi/