RU

"Осылай жүре беремін": Елордаға ұшып кеткен Байзақова жалаңаш фотосын жариялады

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Атышулы Айжан Байзақова желіде оқырмандарын жаңа ашық фотоларымен қуантты. Елордаға ұшып кеткен блогер ару өзінің жалаңаш күйін көрсетті . Ол өзімен киімін алмағандықтан, осы қалпында жүре бермек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова желідегілердің қызу талқысына түскен суретімен Instagram парақшасында бөліскен.

"Сәлем бердік еркін құс елорда" дейді ме? Астанаға киім алмай бардым дедім ғой. Әдеттегідей осылай жүремін", - деп әзілдеді блогер.

Байзақованың бұл қылығы оқырмандары арасында екі түрлі пікір қалыптастырды. Бірі оның мінсіз мүсініне тәнті болып жатса, енді бірі бұл әрекетін аса ерсі деп санаған.

"Жолдасы қайда қарап отыр", "Адамдарға қызық емес болып қалғанда жалаңаш фотоларды жариялайды", "Сен мұсылман қызсың ба", "Сіз көпшіліктің сөзіне құлақ аспайтыңызды түсіндік. Бірақ, ата-анаңызды ойлаасаңыз болар еді", "Әдемі, бірақ ұят", "Сен анасың ғой. Мына қылығың жарамады", "Мінсіз мүсін", "Айжан оларды тыңдама. Бұлар сенің талдырмаш мүсініңді көре алмай жатыр", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917004-osylai-zure-beremin-elordaga-usyp-ketken-baizaqova-zalanas-fotosyn-zariyalady/