Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманбек халық әртісі Роза Рымбаеваның сыни пікіріне жауап берді

Опубликовано:

Иманбек
Иманбек. Фото: instagram.com/imanbekmusic

Грэмми сыйлығының иегері, диджей Иманбек Зейкенов Халық әртісі Роза Рымбаеваның пікіріне жауап берді деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

"Ол үлкен буын өкілі. Мен бұған ешқашан сын айтпаймын және дауласпаймын. Бұл оның пікірі. Мен оны тыңдадым және түсіндім. Барлығы осы",- деді Иманбек Зейкенов.

Ел тарихында тұңғыш рет ән әлемінің Оскарын иеленген отандасымыз Роза Рымбаеваға еш ренжімейтінін де жеткізді.

Естеріңізге салайын, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық порталдардың біріне берген сұхбатында Халық әртісі танымал диджейге қатысты сыни пікірін айтып қалған болатын.

"Оның жай ғана жолы болды. Мысалы қазір қайда ол? Ары қарай не істейді? Керек уақытта керек жерден табыла қалды. Ол кәсіби музыкант емес қой. Жай ғана компьютердің көмегімен әуеннің ырғағын өзгерте салды", - деген еді халық әртісі Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Иманбек Зейкенов Грэмми жүлдесін ұтып, музыка индустриясындағы ең абыройлы марапатқа ие болған отандасымыз. Ол әлемдік хит болған "Роузес" әнін жаңа ырғаққа салып, небәрі 20 жасында үздік ремикс номинациясын иеленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921314-imanbek-xalyq-artisi-roza-rymbaevanyn-syni-pikirine-zauap-berdi/

pixel