Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Рухия
Фото: Instagram / ruhiya.baidukenova

Қазақстандық әнші Рухия Байдукенова Витебскте өткен "Славян базары" халықаралық фестивалінің Гран-приін жеңіп алды.

Оған ХХХ Халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында "Лира" сыйға тартылды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Әр елдің өкілі бас жүлдені жеңу үшін барын салды. Екінші турда вокалистер славян хиттерін орындады. Жеңіс Қазақстан өкілі Рухияға бұйырып, ол өзге әншілерді шаң қаптырды.

Гран-приді үздік орындаушыға қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті. Бірінші орынды сербиялық Ирина Арсениевич алды.

Ән байқауының екінші дәрежелі дипломы Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифельге берілді. Үшінші орынды словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев бөлісті.

Байқаудың қонағы және қазылар алқасының мүшесі болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген сахнаға шыққан кезде оны жұрт үлкен қошеметпен қарсы алғаны атап өтілді.

Еске салсақ, бұған дейін 17 шілдеде Витебскте "Славян базары" өнер фестивалінің алғашқы күні өткенін жазған едік.

Ән сайысына Қазақстан атынан қатысқан Рухия Байдүкенова шекті 70 балдың 69-ын жинаған. "Алтын лира" мүсіншесі мен 20 мың доллар үшін 14 елдің орындаушылары бақ сынасты.

Одан бөлек, аталмыш байқаудың әділ қазылар алқасының құрамына енген Димаш Құдайберген салтанатты ашылу рәсімінің алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922953-qazaqstandyq-ansi-slavyanskii-bazar-baiqauynyn-bas-zuldesin-zenip-aldy-video/

pixel