Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Славян базарында" анасын туған күнімен құттықтап, құшағын гүлге ораған Димашқа ел сүйсінді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауында. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауы кезінде, әдеттегідей, өзінің анасына ел алдында құрмет көрсетті. Бұл жолы әнші оны сахнада туған күнімен құттықтап, гүл шоғын сыйға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Славян базары" байқауында сахна төрінде өнер көрсеткен Димаш бұдан алты жыл бұрынғы оқиғаны еске алды. Ол кезде әнші "Славян базарына" қатысып, өзін сынап көрген болатын.

Дәл сол сәтті өміріндегі ұмытылмас кезеңнің бірі деп бағалаған өнер жұлдызы елден анасын құттықтауға рұқсат сұрап, оның туған күні екенін айтты. Сонымен бірге, сахнадан анасына бір емес, бірнеше гүл шоғын ұсынды.

"Сіздің қандай сұлу екеніңізді барлығы көрсін! Туған күніңізбен, ана!", - деді әнші.

Димаштың анасына деген құрметіне тәнті болған көрермен қошеметін аямады.

Бұл сәттің видеосын әнші Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

Еске салсақ, бұған дейін 17 шілдеде Витебскте "Славян базары" өнер фестивалінің алғашқы күні өткенін жазған едік.

Ән сайысына Қазақстан атынан қатысқан Рухия Байдүкенова шекті 70 балдың 69-ын жинаған. "Алтын лира" мүсіншесі мен 20 мың доллар үшін 14 елдің орындаушылары бақ сынасты.

Одан бөлек, аталмыш байқаудың әділ қазылар алқасының құрамына енген Димаш Құдайберген салтанатты ашылу рәсімінің алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенін жазған болатынбыз.

Ал, кеше, 18 шілде күні қазақстандық әнші Рухия Байдукенова Витебскте өткен "Славян базары" халықаралық фестивалінің Гран-приін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922996-slavyan-bazarynda-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtap-qusagyn-gulge-oragan-dimasqa-el-suisindi-video/

pixel