Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рухия Байдүкенова "Славян базарына" қатысу үшін 23 келіге арықтаған

Опубликовано:

Рухия Байдүкенова
Рухия Байдүкенова. Фото: instagram.com/ruhiya.baidukenova

"Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде гран-при жеңіп алған қазақстандық ару Рухия Байдүкенова байқауға қатысу үшін 23 келі салмақ тастағанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен анама осы байқауға қатысып, жеңімпаз болған алғашқы қазақстандық қыз атанатынымды бала кезден айтып жүретін едім. Конкурсқа қатысуға моральдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да дайындалдым. Мен 23 келіге арықтадым", - дейді ол.

Рухия болашақта авторлық әндері мен бейнебаяндарын шығаруды, әлемдік телевизиялық байқауларда бақ сынауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, бойжеткен халықаралық продюсерлерден ұсыныс түсіп жатса, қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін 22 жастағы қазақстандық Рухия Байдүкенованың Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен "Славян базары" байқауындағы жеңіске жеткенін жазған едік.

Бірінші орынды сербиялық Ирина Арсениевич иеленді. Ән байқауының екінші дәрежелі дипломы Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифельге бұйырды. Үшінші орынды словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев бөлісті.

Одан бөлек, Рухияның өнердегі ұстазы Ирина Воловикова біздің порталға сұхбат беріп, шәкірті туралы тың мәліметтермен бөлісті.

Сонымен қатар, Рухия Байдүкенованы жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын.

Президент Рухияның табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923094-ruxiya-baidukenova-slavyan-bazaryna-qatysu-usin-23-kelige-aryqtagan/

pixel