Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табиғи дарыныңыздың айқын дәлелі": Тоқаев Рухия Байдүкенованы құттықтады

Опубликовано:

Рухия Байдүкенова
Рухия Байдүкенова. Фото: facebook.com / Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Славян базары" байқауында бас жүлдені жеңіп алған Рухия Байдүкенованы құттықтады.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.

Президент Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 22 жастағы қазақстандық Рухия Байдүкенованың Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен "Славян базары" байқауындағы жеңіске жеткенін жазған едік.

Бірінші орынды сербиялық Ирина Арсениевич иеленді. Ән байқауының екінші дәрежелі дипломы Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифельге бұйырды. Үшінші орынды словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев бөлісті.

Одан бөлек, Байдүкенованың өнердегі ұстазы Ирина Воловикова біздің порталға сұхбат беріп, шәкірті туралы тың мәліметтермен бөлісті.

Рухия осыдан жеті-сегіз жыл бұрын Талдықорғаннан елордаға арман қуып келген. Бүгінде ол Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923091-tabigi-darynynyzdyn-aiqyn-daleli-toqaev-ruxiya-baidukenovany-quttyqtady/

pixel