Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Супермамасита" Алматы полициясының назарына ілікті

Опубликовано:

Cупермамасита
Фото: Instagram / super.mamasita

Алматы полициясы танымал қазақстандық блогер "Супермамасита" атымен танымал Әлия Байтуғаеваға әлеуметтік желі қолданушылары шағымданып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында жазды.

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахмановтың айтуынша, танымал қазақстандық блогер Әлия Байтуғаева өзінің Instagram парақшасы арқылы ақшалай сыйақыға оқыту курстарын ұйымдастырған, дегенмен полиция қызметкері атап өткендей, курстар кей тыңдармандардың көңілінен шыға қоймаған.

Оның айтуынша, қалалық полиция департаментіне азаматтардан алғашқы шағымдар 23 шілдеде келіп түсе бастаған.

"Блогердің тірлігінің ауқымы айтарлықтай: бізден көмек сұрап отырғандардың арасында тек Алматы мен Қазақстанның өзге аймақтарының тұрғындары ғана емес, ТМД елдерінің тұрғындары да бар", - деп атап өтті Рустам Абдрахманов.

Ол барлық зардап шегушілердің шағымдары тіркеліп, әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетінін қосты.

"Мемлекеттік кірістер департаментінің каналдары арқылы біз кәсіпкерліктің заңдылығын анықтаймыз, содан кейін блогердің іс-әрекетіне заңдық баға беріліп, одан әрі Қазақстан республикасы заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", - деп қорытындылады Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Әлия Байтуғаева super.mamasita лақап атымен танымал, оған Instagram-да 6 миллионнан астам қолданушы жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923772-supermamasita-almaty-policiyasynyn-nazaryna-ilikti/

pixel