Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан: Мен ешкімнің тоқалы, екінші әйелі емеспін

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Бір рет тұрмыста болған ақпарат өкілі бүгінде басы бос екенін жеткізді. Оған қоса, ол отбасылы ер адаммен кездесуге қатысты өз ойын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан "Orda News" арнасына ашыла сұхбат беріп, өзіне қатысты түрлі қауесеттерге нүкте қойды. Белгілі журналист ешкімнің тоқалы да, екінші әйелі де емес екенін кесіп айтты. Ол тіпті бүгінде жүрегі бос екенін жеткізді.

"Отбасылы ер адаммен кездесуге қарсымын. Мен оған дайын емеспін. Біреудіңотбасын бұзып, күйеуін қаратып алу маған керек емес. Мен ондайға бармаймын. Бірақ ешкім алдында не боларын білмейді. Ешкім ажырасам деп үйленбейді ғой. Сол секілді өмірде түрлі жағдай болады. Нақты мынау дұрыс емес деп те айта алмаймын. Осы тұрғыда өзім жайлы алғаш рет ацтайын деп тұрмын. Оны барлығы білгісі келеді. Менің қазіргі серігім кім екенін қатты білгісі келетіндер көп.
Бірінші, екінші жолдасым кім екені де бәрін қызықтырады. Алайда, бұл менің жеке өмірім, оны айтпасам да менің еркім. Сол себепті, барлығын ашпасам да, бір нәрсені нақты айтып кеткім келеді. Мен ешкімнің тоқалы емеспін, екінші әйелі емеспін, ашынасы емеспін. Мен жалғыз басты әйелмін. Алайда, маған тіптен ешкім қарамайды деген сөз емес. Әрине, көңіл білдіретін ер азаматтар бар. Бірақ, мұндайға балалы болған соң асқан жауапкершілікпен келеді екенсің"- деді Динара.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан бірінші жолдасы туралы бар шындықты айтып, онымен ажырасуына не себеп болғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925733-dinara-satzan-men-eskimnin-toqaly-ekinsi-aieli-emespin/

pixel