RU

Әнші Дидар Кәден екінші рет шаңырақ көтерді (видео)

Дидар Кәден сүйіктісімен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден екінші мәрте отау құрды. Лидия Кәденованың ұлы сүйіктісін ұзатып алып, үйіне ақ келін түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды әулеттегі қуанышты жаңалықпен той қонақтары бөліскен. Олар Instagram желісінде ұзату той кезіндегі фото мен бейнежазбаларды жариялаған.

Видеолардан күйеужігіт пен қалыңдықтың шыққаны, құдалардың биі көрініс тапты.

Айта кетейік, Дидар Кәденнің таңдауы Лейла есімді биші аруға түскен. Осы жылдың маусым айында ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Әнші бұл батыл қадамға өзінің туған күнінде баруды шешкен. Ол жан достарының көзінше ғашығына сақинаны ұсынды.

Бұл Дидар Кәден үшін екінші неке болды. Бұған дейін сазгер Айым Алтынбековамен шаңырақ көтерген еді. Алайда уақыт өте келе ерлі-зайыптылар дәм-тұздары жараспай, ажырасып кетті. Олардың ортақ ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927288-ansi-didar-kaden-ekinsi-ret-sanyraq-koterdi-video/