Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тиматидің бургер орталығының ашылуына қатысқан тағы бір әншіге айыппұл салынды

Опубликовано:

Лидо
Фото: instagram.com/lido_kz

Алматыда ресейлік рэп орындаушы Тиматидің Black Star Burger орталығының ашылуына қатысқаны үшін тағы бір отандық жұлдызға айыппұл салынды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың хабарлауынша, каратин тәртібін бұзғаны үшін әнші Lido жауапқа тартылған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әкімілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша Досалина Л. (Lido лақап атымен танылған әнші - ред.) және Каримова Р.-ға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды", - деді Байғабылов.

Аталған бап бойынша 30 АЕК, яғни 87,5 мың теңге айыппұл салынады.

Еске сала кетсек, жақында ғана Алматыдағы Royal Tulip қонақ үйінің маңында ресейлік рэп орындаушы Тиматидің Black star burger орталығы ашылған еді.

Іс-шараға қазақстандық өнер жұлдыздары, соның ішінде әнші Луина, Бүркіт пен Аиша да қатысқан болатын. Оларға 30 АЕК айыппұл салынды.

Сондай-ақ, мейрамхананың ашылуына қатысқаны үшін айыппұл салынатын тағы бес адамның есімі аталды. Оның ішінде блогерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, әнші Рано Умарова бар.

Болған жайтқа қатысты Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов та пікір білдіріп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927552-timatidin-burger-ortalygynyn-asyluyna-qatysqan-tagy-bir-ansige-aiyppul-salyndy/

pixel