Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ксения Собчактың көлігі апатқа ұшырады: Оқиғаның видеосы жарияланды

Опубликовано:

Ксения Собчак
Ксения Собчак. Фото: instagram.com/xenia_sobchak

Ішінде танымал ресейлік журналист Ксения Собчак отырған көліктің жол апатына түскен сәтінен видео жарияланды. Оқиға 9 қазанда Сочиде болған деп хабарлайды "RT" басылымы.

Жантүршігерлік кадрлар бейнебақылау камералары мен жол апатына тап болған автобусқа орнатылған видеотіркегішке түсіп қалған.

Кадрлардан тележүргізуші отырған Mercedes көлігінің жүрізушісі қатты жылдамдықпен автобусты басып озып, қозғалыстың қарсы бетіне шығып кеткенін көруге болады.

Айта кетейік, аталған жол апаты салдарынан 35 жастағы әйел адам қаза тапқан еді. Кейінірек, тағы бір адамның жан тапсырғаны хабарланды. Алайда бұл мәлімет расталмады.

Қайғылы оқиғадан кейін Ксения Собчак пікір білдіріп, жағдайды түсіндірді. Айтуынша, ол жүргізушіден жылдамдықты асырып, басқа көлікті басып озуды өтінбеген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936935-kseniya-sobcaktyn-koligi-apatqa-usyrady-oqiganyn-videosy-zariyalandy/

pixel