jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Отандық журналистер Амангелді Сейітханның құрметіне жарыс өткізді (фото)

    Амангелді Сейітханның құрметіне жарыс ұйымдастырылды
    Фото: Instagram/dana_nurzhigit

    Қазақстандық танымал журналистер жақында бақилық болған әріптестері Амангелді Сейітханның құрметіне елордада бильярдтан жарыс өткізген. Бұл туралы Дана Нұржігіт хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дана Нұржігіт бұл жаңалықты Instagram парақшасында жариялады. Оның сөзінше, ақпарат өкілдері бұл шараны Амангелді Сейітханды еске алу мақсатында ұйымдастырған.

    Олар ойын ойнап қана емес, асыл әріптесі туралы жылы естеліктерін бөліскен. Артынан дастархан жайылып, Амангелді Сейітханның аруағына құран бағышталған.

    Ер азаматтар қатысқан жарысқа әйелдер қауымынан тек Дана Нұржігіт шақыртылған екен. Оған қоса, жиынға марқұмның баласы да келген.

    "Азаматтарымыз аман болсын! Амангелді Сейітханның атын өшірмеу мақсатында бүгін Нұр-Сұлтанда әріптес азаматтар- Арман Сқабылұлы, Қайнар Олжай, депутат Азат Перуашев бастаған белсенді топ бильярдан жарыс ұйымдастырыпты. Әдетте ер азаматтар ғана жиналатын ортаға Амангелдінің шын досы, сырласы болған еді ғой деп жігіттер мені де шақырғанына ерекше риза болдым.
    Бұл жиынға Алматыдан Аманжанның ұлы Бегасыл да ағалары арнайы шақырыпты. Отандық арналарымыздың тілшілері репортаж түсіріп, “Qaz.sport" арнасы тікелей эфир ұйымдастырыпты. Жиналғандар Аман жайлы естеліктер айтып, жарыстан кейін дастархан жайылып, марқұмның аруағына құран бағышталды.Жатқан жерің жарық,топырағың мамық болсын,Аман-дос! Ішімізде қалған өкініш өрті сөнбек емес", - деп жазды ол.

    Отандық журналистер Амангелді Сейітханның құрметіне жарыс өткізді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.