jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    21 жастағы Малика Каримова "Қостанай аруы" атанды (фото)

    Малика Каримова
    Фото: Instagram/ mali_karimovaa

    "Қостанай аруы-2021" атағын кім жеңіп алғаны белгілі болды. Сұлулық байқауының бас жүлдесі 21 жастағы Малика Каримоваға бұйырған. Бойжеткен бүгінде төртінші курс студенті. Ол кәсіби түрде спортпен шұғылданады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Маликаның өңірлік сұлулық байқауында жеңіске жеткені туралы "Қазақстан аруының" ресми парақшасынан белгілі болды.

    Бойжеткен Қостанай өңірлік университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алуда. Малика 10 жыл бойы гандболмен кәсіби түрде айналысады. Ол спорттың бұл түрінен Қазақстан чемпионы. Оған қоса, бойжеткен спорт шеберіне үміткер екені белгілі.

    "Құттықтап жатқан жандарға үлкен алғыс. Жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рахмет. Мен өте қуаныштымын. Республикалық байқауда қаламыздың намысын абыроймен қорғауға барымды саламын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

    Айта кетерлігі, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтуде. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдеседі.

    Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін "Түркістан аруы-2021" байқауында кім жеңіске жеткені белгілі болды. 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Қазақстан аруы" байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады.

    Сонымен қатар, қазылар алқасы "Атырау аруын" да анықтады. Өңірлік байқауда Әйгерім Сүйінова есімді бойжеткен жеңіске жеткен.

    21 жастағы Малика Каримова "Қостанай аруы" атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.