Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 жастағы Әйгерім Сүйінова "Атырау аруы" атанды (фото)

Опубликовано:

Әйгерім Сүйінова
Фото: aigerim_suinova

21 жастағы Айгерім Сүйінова "Атырау аруы-2021" атағын иеленіп, "Қазақстан аруы" тәжіне күресуге мүмкіндік жеңіп алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әйгерімнің өңірлік сұлулық байқауында жеңіске жеткені туралы "Қазақстан аруының" ресми парақшасынан белгілі болды.

Бойжеткен полиглот болып шықты. Ол түрлі мемлекеттерге саяхаттап барғанды ұнатады екен. Осы жылы ару Түркия мен Грузияда болып қайтқан. Атыраулық сылқым ағылшын тілінен сабақ береді.

"Мен ағылшын тілінде еркін сөйлеймін. Қазіргі таңда, түрік тілін меңгеру үстіндемін. Осымен үш жыл бойы өзімнің сүйікті студенттеріме ағылшын тілінің әлемін ашып жатырмын", - деп жазды өзі туралы Әйгерім.

Желі қолданушылары бойжеткеннің сұлулығына тәнті болып, оған деген жылы лебіздерін жарыса білдіріп жатыр.

Айта кетерлігі, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік турлары онлайн-форматта өтуде. Еліміздің әр өңіріндегі үміткер аруларды ұлттық қазылар алқасы таңдайды. Олар өтінімдерді қарап, әр қатысушы қызбен онлайн түрде тілдеседі.

Қазылар алқасы құрамына биыл актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева мен KFW негізін қалаушы дизайнер, стилист AlexChzhen кірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Түркістан аруы-2021" байқауында кім жеңіске жеткені белгілі болды. 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Қазақстан аруы" байқауында өз өңірінің намысын қорғайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936084-21-zastagy-aigerim-suiinova-atyrau-aruy-atandy-foto/

pixel