Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасарып кеткен Меруерт Түсіпбаеваны ел танымай қалды (фото)

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жаңа образын жария етіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Оқырмандар өнер иесінің жасарып кеткенін жарыса айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева жаңа суреттерін Instagram парақшасында бөлісті.

Онда әртістің көк оюлары бар ақ түсті киіммен сахнада тұрғанын көруге болады. Өнер иесі ән салып жатқан сәтінен де видео жариялап қойған.

Желі қолданушылары әншінің ерекше образына тәнті болып, оған қатысты өз пікірлерін жаудырған. Көпшілік бұл фотоларда Түсіпбаеваның жасарып кеткенін аңғарған. Кейбірі өнер иесін танымай қалғанын жасырмады.

"Керемет жансыз", "Сізге бәрі жарасады", "Жасарып кеткенсіз. Отсыз", "Мен танымай қалдым. Жанар Дұғалова екен деп қалдым", "Киіміңіз керемет. Макияж да жақсы жасалған", "Сізді танымай қалдым. Жасарып шыға келдіңіз", "Танымай қалдым ғой. Сондай сұлусыз", "Өте керемет, әдемі. Ештеңе айтып, салып мақтанбайтын ерекше әнші", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942616-zasaryp-ketken-meruert-tusipbaevany-el-tanymai-qaldy-foto/

pixel