Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлы Қытай қорғанының артында тұрғандаймын": Әбдікәрімова әкесіне деген махаббатын жеткізді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әкесін туған күнімен құттықтап, оған өзінің ақ тілегін жолдады. Өнер иесі асқар тауы әкесіне деген шексіз махаббатын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова әкесінің жанында өзін Ұлы Қытай қорғанының артында тұрғандай сезінетінін алға тартты. Көпбалалы ана бұған дейін әкесіне оны қалай қатты жақсы көретінін айтпаған.

Бірақ, елде орын алған оқиғалар оны бұл қадамға итермелеген. Актриса Instagram парақшасында әкесіне деген махаббатын жеткізді.

"Әкем ешқашан туған күнін атап өткен адам емес. Бүгін де хабарласып, тілегімді айтып жатсам, "Еліміз аман болсын, халық тыныш болсын!" деп телефонның ар жағынан тілеп жатыр. Мен әрқашан әкемнің жанында өзімді Ұлы Қытай қорғанының артында тұрғандай сезінетінмін. Себебі, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп, қорғап келді. Бірақ біз әкемізге қарап "Мен сізді өмірден артық жақсы көрем!" деп айта алмаймыз. Себебі неге екенін білмеймін “Ұят”. Бірақ кешегідей қақтығыста жақындарымыздан бір сәтте жырақтап қалдық. Сондықтан кеш болмай тұрғанда: "Әке, мен сізді шексіз жақсы көрем! Өмірімсіз! Алдыңызда кеткен қатем болса, кешірім сұраймын" деп айтқым келеді! Туған күніңізбен, асылым, асқар тауым", - деп жазды Әбдікәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951532-uly-qytai-qorganynyn-artynda-turgandaimyn-abdikarimova-akesine-degen-maxabbatyn-zetkizdi/

pixel