Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төртінші ұлын босанған Салтанат Бақаева перзентханадан шықты (фото)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева отбасымен
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Жақында төртінші перзентін дүниеге әкелген Салтанат Бақаева перзентханадан шықты. Өнер иесін күйеуі мен үш ұлы құшақ гүлмен шығарып алуға келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева өміріндегі аса бақытты сәттерінің бірімен Instagram парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызы бұл жолы перзентханадан шығуына байланысты ауқымды шара жасамаған.

Әншіні үйге алып кетуге күйеуі мен балалары ғана келген. Олар аналарына гүл шоғын тарту етіп, сағына қауышқан.

Оған қоса, Бақаева төртінші ұлына қандай есім бергенін жария етті. Белгілі болғандай, жаңа туған сәбиге әкесі Әрсен деген есім беріпті.

"Әбдімәлік Әрсен Нұржан ұлы біздің отбасымызға қош келдің. Папамыз күшті ат таңдап қойды", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954166-tortinsi-ulyn-bosangan-saltanat-baqaeva-perzentxanadan-syqty-foto/

pixel