jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Азамат Сатыбалды қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

    Азамат Сатыбалды
    Азамат Сатыбалды. Фото: brod.kz

    Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өз Facebook парақшасында жазды.

    "Ресми түрде келісу рәсімдерінің барлығы тәмамдалған соң Азамат Сатыбалдының Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалғанын хабарлаймын. Отандық мәдениеттегі орны бөлек оқу ордасын басқаруда абырой мен сәттілік тілеймін!",- деді ол.

    Айта кетейік, Азамат Сатыбалды - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драма театр, кино актері, продюсер.

    Ол 2001 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаған. Сол жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеген.

    2018 жылдың 27 желтоқсанынан 2022 жылдың 12 ақпанына дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметін атқарды.

    Ал 2017 жылы "Cinema 28" киностудиясын, "28 Theatre" атты жеке театрын ашты.

    Азамат Сатыбалды қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.