Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім ауырып тұр": Қайрат Нұртас Саят Медеуовке жазба арнады

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/kair_n

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас өнердегі ағасы Саят Медеуовке жазба арнап, оның тезірек сауығып кетуін тіледі. Өнер иесі бұл жаңалықты естіп, көңілі құлазып тұрғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас Instagram парақшасында Саят Медеуовтың суретін жариялап, оның тезірек сауығып кетуін тіледі. Эстрада жұлдызы өнердегі ағасының жол апатына түскенін естігенде жүрегі ауырғанын жасырмады.

"Ағатайым Алла шипасын берсін. Мына жаңалықты естіп, жүрегім ауырып тұр, ағатайым сап-сау боп арамызға қосылуыңызды Алла нәсіп етсін", - деп жазды ол.

Бұған дейін Ақбота Керімбекова да Саят Медеуовтың жол-көлік оқиғасына тап болғанын растап, оған шипа тілеген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Саят Медеуовтың жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын белгілі композитор Ербол Спаналиев хабарлаған болатын. Әртістің қазіргі жағдайы белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958539-zuregim-auyryp-tur-qairat-nurtas-sayat-medeuovke-zazba-arnady/

pixel