Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қантөгісті тоқтатыңыздар": Димаш Құдайберген Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Ғажайып даусымен күллі әлемді таңғалдырып жүрген Димаш Құдайберген Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске қатысты өз пікірін айтты. Өнер иесі әр адамның өмір сүруге құқылы екенін еске салып, қантөгісті тоқтатуды сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген әсерлі жазбасымен Instagram парақшасында бөлісті.

"Әр әйел мен әр ер сәби сүйіп, ұл мен қыз өсіргісі келеді. Әр адамның асқақ армандары мен өмірде мақсаттары болады. Әр адам өмір сүруге, өзінің бақытын құруға құқылы. Әлемді мейірімділік, өзара сыйластық пен махаббат құтқарады. Адам өмірінен құнды ештеңе жоқ! Қантөгісті тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!" , - деп жазды Құдайберген желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білідіріп, бұл жағдайдың тез арада шешімін тапқанын қалайтындарын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958546-qantogisti-toqtatynyzdar-dimas-qudaibergen-ukrainadagy-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel