Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аружан Жазылбекова: Ақшаны қызыңыздың тойына емес, оның білім алуына жұмсаңыз

Опубликовано:

Аружан Жазылбекова
Фото: Instagram/arujazz

Отандық танымал актриса Аружан Жазылбекова әйелдер қауымына үндеу жасады. Өнер иесі қоғамдағы қыз-келіншектердің өзін бағалауы туралы айтып, оған қатысты пікірін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аружан Жазылбекова бұл мәселеге қатысты өз ой-толғауын Instagram парақшасында бөліскен. Актриса ата-аналарға қыздарының тойына емес, оның оқуына ақша жинауға кеңес берді.

"Қызыңыз кімге тұрмысқа шығады деп уайымдамауы үшін оны кәсіби маман етіп дайындаңыз. Ақшаны оның тойына емес, білім алуына жұмсаңыз. Тұрмысқа шығу үшін емес, өзі үшін үйретіңіз. Өзін жақсы көруді, өзіне сенімді болуды үйретіңіз”, - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары өнер иесінің пікіріне қолдау білдіріп, оның сөзін қостады.

"Қыздарыма үнемі тәуелсіз бол деп айтамын! Өзің ақша тап, біреуге бағынышты болма деймін", "Біз де осыған ұмтылып жатырмыз, менің үш қызым бар", "Артық еш нәрсе алып қоса алмаймын", "Дұрыс, тәуелсіз қыз күйеуінің аузына қарамайды", "Мен де соған ұмтыламын", “Расында да егер мықты қыз болса, қандай жағдайда да сынып кетпейді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959861-aruzan-zazylbekova-aqsany-qyzynyzdyn-toiyna-emes-onyn-bilim-aluyna-zumsanyz/

pixel