Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Татуласқан ба": Тойға бірге келген Қайрат пен Жұлдыз қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі саналатын Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да ел талқысына түсті. Қалың көпшілік көптен бері бірге ел алдына шықпай кеткен ерлі-зайыптыны мерекелік шарада көріп қуанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова әулеттің кенжесі Заңғардың үйлену тойына бірге келіп, желі қолданушыларын таңғалдырды.

Ерлі-зайыптыға мерекелік шарадағы аса маңызды сәт сеніп тапсырылған. Олар жас жұбайларға неке сақинасын тағып, өз ақ тілегін айтқан.

Оған қоса, жұлдызды жұп дүбірлі той барысында бірге билеп, көңіл көтерген. Қайрат пен Жұлдыздың видеосы Instagram желісіндегі түрлі парақшаларға тарап жатыр.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны қайтадан бірге көргеніне қуанып, олардың татуласқанын болжауда.

"Қандай керемет тосынсый болды. Сіздер үшін аса қуаныштымын", "Екеуі бірге жүр. Сондай жарасымды. Татуласқандарыңыз дұрыс болған", "Бұл тойда бәрі жас жұбайларды емес, Қайрат пен Жұлдызды аңдыған шығар", "Бүгін халықтың біразы тыныш ұйықтайтын болды", "Татуласыпты. Қуаныштымын", "Қайраттың әкесі бәрінен де бақытты. Жұлдызды қайта-қайта құшақтап қояды", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін ел арасында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты түрлі қауесеттер тараған болатын. Оқырмандар ерлі-зайыптының ажырасып кеткенін болжап жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962350-tatulasqan-ba-toiga-birge-kelgen-qairat-pen-zuldyz-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel