Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолынан келгенше қолдап жүрді": Жұлдыз Әбдікәрімова отау құрған қайын інісіне әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өмірлік серігін жолықтырып, шаңырақ көтерген қайын інісіне жылы лебізін білдірді. Ол әлеуметтік желіде Заңғар Нұртасқа әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова қайын інісі өзін жеңге емес, бірден әпкесі ретінде қабылдағанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, Заңғар әрдайым оған қолдау білдіріп жүрген.

Сонымен қатар актриса қос ғашықтың махаббатына о бастан куә болған екен. Жұлдыз жас жұбайлардың кіршіксіз сезіміне тәнті екенін айтып, оларға ақ тілегін жолдады.

"Сен менің қайным емес, бауырымдайсың. Себебі келін боп түскен сәттен бастап маған "жеңге" деп емес, "әпке" деп қарадың. Жалған өмірде жаныңа жақын жандар аз болса, сол аздың ішіндегі көпке татырлығы өзіңсің. Бала болсаң да, жан дүниемдегіні көзімнен түсініп, қолыңнан келгенше қолдап жүретінсің.

Сондықтан бұл қуаныш мен үшін бәрінен биік. Өміріңдегі ең маңызды сәтіңде жаныңда болып қолдай алмасам, қуанышыңды бөлісе алмасам, шын жүрегімнен шыққан ақ тілегімді көзіңе қарап жолдай алмасам, екеуміздің бауырмалдығымызға, жақындымызға сын емес пе? Жібек екеуіңнің махаббаттарыңа сол кезден бастап куәмін. Өз қолыммен шай беріп, кіршіксіз сезімдеріңе сүйсіне қараушы едім. Бақыттың бесігін мәңгі бірге тербетулеріңді тілеймін", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, кеше 27 наурызда Алматы төрінде Заңғар Нұртастың үйлену тойы өткен болатын. Мерекелік шарада Гүлзира Айдарбекова жаңа келініне ән арнап, көзіне жас алды.

Оған қоса әулет кенжесінің қуанышына Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас бірге келіп, елді қуантты. Қалың көпшілік көптен бері бірге көрінбей кеткен ерлі-зайыптыға жылы лебіздерін білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962413-qolynan-kelgense-qoldap-zurdi-zuldyz-abdikarimova-otau-qurgan-qaiyn-inisine-aserli-zazba-arnady/

pixel