Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуіне қызмет етуді үйретеді": Айсәуле Бақытбек қазақ қыздарының тәрбиесі туралы айтты

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Танымал блогер Айсәуле Бақытбек қазақстандық қыздардың тәрбиесіне қатысты өз ойын білдіріп, бұл тұрғыда көпшіліктің жіберетін қатесін айтты. Оның сөзінше, біздің елде қыздарды үй шаруасына бейімдеп, күйеуі мен отбасына қызмет етуге тәрбиелейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы блогер ару өзінің Instagram парақшасында айтты. Айсәуле бүгінде үй шаруасымен сирек айналысатынын жасырмай айтты. Ол көп уақытын сәбиіне, бизнесіне, өзіне арнайды. Ал үй тірлігін жасайтын қызметішісі бар.

Бұл жайтты байқаған желі қолданушылары жұлдызды анаға осыған толассыз сауал жолдаған. Блогер солардың біріне жауап беріп, қыздарға өзінің келелі кеңесін берді.

Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

"Қалаған кезде тамақ істеймін, үй жинаймын. Бірақ аптасына 3-4 рет үйге көмекшім келеді. Осыған ұқсас сұрақтар мен айыптаулардың көп болғанына қарағанда бұл – қазақстандық әйелдердің ең жанды жері. Бұл біздің елдегі қыздар тәрбиесіндегі қателіктерді тағы бір мәрте көрсетеді. Көптеген қыздарды бала кезінен күйеуіне, туыстарына, үйге қызмет етуге үйретеді.

Бірақ оның шынайы бақытпен ешқандай байланысы жоқ екенін айтпайды. Көптеген қыздар тұрмысқа шығып, сол сұмдықпен шынайы өмірде бетпе-бет келеді. Дәл осы себепті ең үлкен қателікті жіберіп алмау үшін өмірлік серікті таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға кеңес беремін. Бұл сұраққа келгенде өз жүрегіңнен басқа ешкімді тыңдама. Тағы айтарым: Оқыңдар, оқыңдар және жұмыс істеңдер", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963581-kuieuine-qyzmet-etudi-uiretedi-aisaule-baqytbek-qazaq-qyzdarynyn-tarbiesi-turaly-aitty/

pixel