Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек қызымен түскен ерекше видео жариялады

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Жақында ғана алғаш рет ана атанған Айсәуле Бақытбек желіде қызымен түскен ерекше видеоны бөлісті. Желі қолданушылары анасы мен қызына жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айсәуле Бақытбек отбасылық бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда желі жұлдызы алдымен аяғы ауыр сәтін бөлісіп, кейін қызын қолында ұстап тұрған видеоны ұсынды.

Желі қолданушылары анасы мен баласына сүйсіне қарап, оларға деген ыстық ықыласын білдірді.

"Көз тимесін сіздерге, сондай тәттісіздер", "Сізге ана болған сондай жарасады", "Денсаулығыңыз мықты болсын", "Қызыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Сізді жаңа босанған ана деп айту қиын. Өз қалпыңызға тез келіпсіз", "Қызыңыз өзіңіз сияқты сәнқой болып өсетін болды", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек 18 қаңтар күні алғаш рет ана атанды. Қуанышты жаңалықты жұлдызды әулет мүшелері бөліскен. Желі жұлдызы өмірге қыз баланы әкелді.

Айсәуле Бақытбек босанғаннан кейін қандай әсерде болғанын да айта кетті.

Ал бірнеше күннен кейін блогердің күйеуі әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алған болатын. Бұл шараға тек екі жақтың отбасылары ғана қатысқан.

Ерлі-зайыпты қыздарына Сафия деген есім берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965787-aisaule-baqytbek-qyzymen-erekse-video-zariyalady/

pixel