Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек қызына қандай есім қойғанын жария етті (фото)

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек отбасымен
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде ерекше отбасылық суреттерін жариялап, жаңа туған қызына қандай есім қойғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі жұлдызы сәбиіне Сафия деген есімді берген. Бұл туралы жас ана өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Рүстем Сафия Әлішерқызы", - деген жазба қалдырды ол жанұясымен түскен фотоның астына.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасының ерекше суреттерін көріп, жылы лебізін білдірді.

"Көз тимесін", "Бақыттарыңыз еселене берсін", "Сафия бақытты болсын. Үлкен азаматша болсын", "Қандай керемет көрініс", "Сіздерге қарай бергің келеді. Сондай тәтті жанұясыздар", "Қандай ерекше әдемі ат", "Өте ерекше есім таңдапсыздар", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек 18 қаңтар күні алғаш рет ана атанды. Қуанышты жаңалықты жұлдызды әулет мүшелері бөліскен. Желі жұлдызы өмірге қыз баланы әкелді.

Айсәуле Бақытбек босанғаннан кейін қандай әсерде болғанын да айта кетті.

Ал бірнеше күннен кейін блогердің күйеуі әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алған болатын. Бұл шараға тек екі жақтың отбасылары ғана қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953984-aisaule-baqytbek-qyzyna-qandai-esim-qoiganyn-zariya-etti-foto/

pixel