Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін уақыт көрсетеді": Дастан Оразбеков әртістерді сынға алған Саят Медеуовке жауап берді

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Дастан Оразбеков. Фото: instagram.com/dastanello

Әнші Дастан Оразбеков өнердегі ағасы Саят Медеуовтың әртістерге айтқан сынына қатысты пікір білдірді. Ол арзан хайп қуған жұлдыздар бірден сөніп қалатынын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дастан Оразбеков Медеуовтың сөзіне қатысты өз ойын "1001 түн" бағдарламасында бөлісті.

"Ол заманның ағымы. Оған қарсы шығу үшін интернетті алып тастау керек. Интернетсіз ондай нәрсе болмайтын еді. Қазір интернет болғаннан кейін басқа да таралып жатқан дүниелер бар.

Интернет арқасында біраз дүниені көре алмай отырған халық соған көз жеткізіп отыр. "Шегіртке" деген намысқа тиетін нәрсе. Дегенмен ол үйлестіру ғой. Мектепте оқығанымыздай, жан-жақта ән айтып, түбінде баспанасыз, ештеңесіз далада қатып өлді дегенге келеді. 

Бірақ менің ойымша, санасы жетілген адам оны дұрыс түсіне алады. Ал санасы төмен адам шегіртке деп ойлайды. Ал енді бірден хайп болып шығып кеткен жұлдыздар бірден сөніп қалады. Оның бәрін уақыт көрсетеді. Әрі қарай дамып кетуі екіталай", - деді Оразбеков.

Айта кетейік, бұған дейін Саят Медеуов өнердегі әріптестеріне шүйлігіп, оларға өз наразылығын жеткізді. Ол билік өкілдерінен желіге қатысты заң шығаруды талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970948-barin-uaqyt-korsetedi-dastan-orazbekov-artisterdi-synga-algan-sayat-medeuovke-zauap-berdi/

pixel