Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құндылықтарымызды күйретіп жатыр": Керімбекова Саят Медеуовке қолдау білдірді

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова
Фото: Instagram/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова әртістерді сынға алып, желіні реттеу үшін заң шығаруды ұсынған Саят Медеуовке қолдау білдірді. Ол өнердегі әріптесі орынды мәселе көтеріп отырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Керімбекова Саят Медеуовтың үндеуіне қатысты өз пікірін Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Ол бүгінде есер сөз бен ессіз әзіл салдарынан құндылықтарымыз құлдырап жатқанын алға тартты.

"Қадірлі ұлт жанашырлары! Белгілі өнер иесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов өте орынды мәселе көтеріп отыр! Біздер, өнерін ластап көрмеген біздің талантты аға-апаларымыз оны толық қолдап отырмыз!

Расында, есер сөз, ессіз әзіл, есепсіз жындылық құндылықтарымызды күйретіп жатыр. Сөз жүйесіз, өнер иесіз кетті. Өскелең ұрпақ бұттан төмен әңгімелерді ән қылып айтып жүр. Әншейінде, Қазақы әннің қалпын бұзбай келе жатқан әншілерді кекеткіш, мұқатқыш, сынағыш қоғам бұл кеселге бас ауыртар емес! Мұның бәріне тоқтам болатын тек заң!

Алдағы референдум жаңа Қазақстанды қалыптастыруда үлкен маңызға ие болып отыр. Сол науқан былапыт сөздерді өнерге, ғажайып қазақ әніне аралыстырудан жасқанбайтын, ұялмайтын топтарға тиым болатын заңды қабылдатып берсе, өнер адамдарының көкейін көптен күйретіп жүрген іс шешімін табатын еді", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Саят Медеуов өнердегі әріптестеріне шүйлігіп, оларға өз наразылығын жеткізді. Ол билік өкілдерінен желіге қатысты заң шығаруды талап еткен болатын.

Медеуовтың бұл үндеуіне өнердегі әріптесі Дастан Оразбеков жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971309-qndylyqtarymyzdy-kuiretip-zatyr-kerimbekova-sayat-medeuovke-qoldau-bildirdi/