Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қамаса да болады": Саят Медеуов әнге бейәдеп сөз қосатын әріптестерін жауапқа тартуды талап етті

Опубликовано:

Саят Медеуов
Видеодан кадр: Youtube/Qazaqstan TV

Отандық эстрада жұлдызы Саят Медеуов әніне бейәдеп сөздерді қосатын әншілерді сынап тастады. Өнер иесі сахнада ойына келгенді істеп жүрген өнерпазарға тоқтау салынып, арнайы заң шығарылса деген тілек білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Саят Медеуов бүгінде сахнаға шығып жүрген әншілерді тыңдау мүмкін емес екенін жеткізді. Әнші тек жас өнерпаздар ғана емес, өз замандастары да хайп үшін барын салып жатқанын айтты.

"Кез-келген уақытта үйдегілермен отырып, ғаламторды ашып қалсаңыз, көру мүмкін емес. Барлығы тола боқауыз. Кішісі де, үлкені де. Қазір кішкентай балалардың өзі боқтап сөйлейтін жағдайға келдік. Үлкен отыр-ау деген ешқандай сыйлау жоқ. Сахнаға шығып жатқан қазіргі әншілерді тыңдау мүмкін емес. 

Замандастарымыздың да істеп жүрген тірлігі оңып тұрған жоқ. Кез келген киноны алып қараңыз, ішінде боғауыз сөздер бар. "Қысып жүр" деген сөздер бар. Аттарын айтпай-ақ қояйын, айтсам, жарнама болады, әріптестерімнің көбісі көгілдір адамның рөлін ойнап, видео түсіретін жағдайға келді.

"Оны алып тастаңдаршы" деп айтып та көрдім. Бірақ алмайды. Өйткені көрермен жинайды, сол арқылы ақша табады. Бұл – үлкен опасыздық. Біз боғауыз арқылы болашақтың тамырына балта шауып жатырмыз. 

TikTok пен Instagram-ға видео салуға шектеу қоя алмайды, ол біздің қолымызда емес. Бірақ кім сондай жаман сөз салса, соны мемлекеттік тұрғыдан жазаламаса, бұл тоқтамайды. Сол адамдарды жауапқа тартып, мүмкіндік болса, қамаса да болады", - деді ол "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Саят Медеуов өнердегі әріптестеріне шүйлігіп, оларға өз наразылығын жеткізді. Ол билік өкілдерінен желіге қатысты заң шығаруды талап еткен болатын.

Медеуовтың бұл үндеуіне өнердегі әріптесі Дастан Оразбеков жауап берді.

Оған қоса Ақбота Керімбекова Саят Медеуовтың айтқанына қосылып, оған қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971350-qamasa-da-bolady-sayat-medeuov-ange-beiadep-soz-qosatyn-ariptesterin-zauapqa-tartudy-talap-etti/

pixel