"Camry 70": Жақында сәбилі болған Абай Бегейдің қызына жолдасы қымбат көлік тарту етті (видео)

Опубликовано:

Абай Бегейдің қызы мен күйеубаласы
Фото: Instagram/niyazkulova_erke

Жақында ғана үшінші перзентін дүниеге әкелген Абай Бегейдің қызына жолдасы естен кетпес тосынсый жасады. Ол әйелі мен қызын перзентханадан шығарып аларда келіншегіне су жаңа көлік тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын Ерке Ниязқұлова Instagram желісінде бөлісті. Ол перзентханадан шыққан сәтінің видеосын жариялап, жолдасына алғысын айтты.

Белгілі болғандай, Абай Бегейдің күйеубаласы өзіне қыз сыйлаған әйеліне Toyota Camry 70 автокөлігін тарту еткен. Ол су жаңа тұлпарды тура перзентхананың алдында табыстауды шешкен.

"Сөзсіз. Мен күтпедім. Құлпынайдың несібесі деп қабылдадым. Сағат жетілерде алып кетемін деген Адик жоқ. Іштей ренжіп отырдым. Сөйтсем, сыртта осындай тосынсый жасаймын деп кешіккен екен бәрі. Құттықтап қойсаңыздар болады.

Мен Toyota 70 автокөлігінің иесі болып жатырмын. Енді айдап үйрену керек. Көлік бар, жүргізуші куәлігім бар. Тек рух жетіспей жүр еді. Рахмет саған бәрі үшін", - деп ағынан жарылды әншінің қызы.

Айта кетейік, бұл ерлі-зайыптының үшінші перзенті болды. Ерке Ниязқұлова екі ұлдан кейін қыз баланы дүниеге әкелді.

Қызығы ол үшінші сәбиін әкесінің туған күнінде босанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972953-camry-70-zaqynda-sabili-bolgan-abai-begeidin-qyzyna-zoldasy-qymbat-kolik-tartu-etti-video/