Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған бәрібір": Жәния Джуринская күйеуінің бұрынғы сүйіктісі туралы айтты

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Актриса Жәния Джуринская күйеуі Данияр Хизметовтің бұрынғы сүйіктісіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі жолдасының оған дейін болған қарым-қатынастары маңызды емес екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Джуринская күйеуінің бұрынғы ғашығы туралы Instagram парақшасында айтып берді. Белгілі болғандай, Данияр Хизметов бұған дейін үш жыл бойы бір қызбен бірге тұрған. Бұл ақпаратты актрисаның өзі растады.

"Маған Даниярдың менімен кездескенге дейін қандай қарым-қатынасы болғаны маңызды емес. Маған бәрібір. Мен өзімді жоғары бағалаймын, өзіме сенімді әйелмін. Бұл жағынан мен бәріне түзу қараймын. Мен тіпті күйеуіме бұрынғы ғашығы сыйлаған иіс суды тастауға рұқсат бермеймін. Ол иіс су маған ұнайды. Күйеуім оның иісін біздің алғашқы кездесулерімізбен байланыстырады екен", - деп жазды өнер иесі.

Жәния Джуринскаяның Stories-i
Скриншот: Instagram/djurinskaya

Айта кетейік, Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов 2020 жылдың қазан айында мешітте некелерін қидырып, бір жылдан кейін үйлену тойын дүркіретіп атап өткен болатын. Қос ғашық екеуін қарантин уақыты қатты жақындата түскенін айтты. Бүгінде ерлі-зайыпты тұңғышын күтуде. Жас жұбайлар қызды болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974387-magan-baribir-zaniya-dzurinskaya-kuieuinin-buryngy-suiiktisi-turaly-aitty/

pixel