Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская мен ғашығы Алматы төрінде дүркіретіп үйлену тойын өткізді (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Видеодан кадр: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская арманындағы үйлену тойын өткізді. Өткен жылы некелерін қиған жас жұбайлар карантин салдарынан үлкен той жасай алмаған болатын. Сәті түсіп, ерлі-зайыпты өміріндегі ең маңызды күнді атап өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов тойларын Алматының орталығында орналасқан қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп өткізді. Олар 21.10.21 деген датаны арнайы таңдап алыпты.

Ерлі-зайыпты қуаныштарына жақындары мен жұлдызды достарын шақырған. Олардың арасында Луина, Мақпал Исабекова, Ерке Есмахан, Гүлназ Жоланова, Марат Оралғазин, Дана Есеева мен Мейіржан Төребаев және тағы да басқа танымал тұлғалар болды.

Мерекелік шараны ұйымдастыруды жас жұбайлар Жан Мұқановқа сеніп тапсырыпты. Белгілі продюсер өзіне жүктелген міндетті сәтті атқарып шыққанын атап өту керек.

Дүбірлі той ерекше қарқынмен өте көңілді өткен. Оған мерекелік шараға жиналған қонақтардың әлеуметтік желіде жариялаған видеолары дәлел болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938372-zaniya-dzurinskaya-almaty-torinde-durkiretip-uilenu-toiyn-otkizdi-video/

pixel