Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Жәния Джуринская жақында алғаш рет ана атанбақ

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская аяғы ауыр екенін жария етті. Өнер иесі жақында алғаш рет ана атанбақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен актриса Instagram парақшасында бөлісті. Ол жолдасымен түскен ерекше суретін жариялап, қалың көпшілікке тұңғыштарын күтіп жүргендерін ресми түрде растады.

"Сүйікті адамыңнан бала көтеру деген қандай бақыт екенін елестетіп де көрмеппін. Күнім сол, біздің жүрегіміз, біз сені асыға күтудеміз. Жаным, менің өмірімде кенеттен пайда болып, махаббатқа бөледің. Біз жүктілік туралы қалай білгенімізді, алған әсерімізді бәрін айтып беретмін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады.

Айта кетейік, Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов бір жыл некелесіп, тек жақында ғана үйлену тойларын өткізген болатын. Олар карантин салдарынан өткен жылы дүбірлі той жасай алмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946187-aktrisa-zaniya-dzurinskaya-zaqynda-algas-ret-ana-atanbaq/

pixel