Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев отбасымен Түркияда демалып қайтты (фото, видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев отбасымен
Фото: Instagram/m_besbaev

Әнші Мейрамбек Бесбаев жанұясымен бірге саяхаттағанды жақсы көреді. Өнер иесі бала-шағасына барынша түрлі елді көрсетуге тырысуда. Бұл жолы жұлдызды отбасы Түркия қаласына аттанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мейрамбек Бесбаевтың Түркияда демалып қайтқаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ол кезекті саяхатынан фото және видео жариялап, көпшілікті қуантты.

Жұлдызды отбасы Стамбул қаласының әсем жерлерін аралап, жергілікті тағамдардың дәмін татқан.

Желі қолданушылары Бесбаевтың отбасына жақсы демалыс ітлеп, өз жылы лебізін білдірген.

"Жақсылап демалып қайтыңыздар", "Стамбулға биыл бармаған адам қалмаған шығар", "Жұлдыздардың барлығы осы жылы Түркияға бірінен соң бірі баруда", "Қандай керемет. Отбасыңмен саяхаттауға жететін ештеңе жоқ", "Жарайсыз, үнемі жанұяңызды тастамайсыз. Шетелге міндетті түрде бала-шағаңызбен бірге барасыз", "Жақсы демалып, елге аман-есен оралыңыз", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетерлігі, бұған дейін Маржан Арапбаева да Түркияға жол тартқан болатын. Өнер иесі шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанын көпшілікке көрсетті.

Ал Тәуекел Мүсілім болса Түркия елінен өзіне пәтер сатып алғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975172-meirambek-besbaev-otbasymen-turkiyada-demalyp-qaitty-foto-video/

pixel