Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ батасын алдым": Ернар Айдар өнер жолына келуге сеп болған Мұхтар Шахановқа алғысын айтты

Опубликовано:

Ернар Айдар мен Мұхтар Шаханов
Фото: Instagram/ernaraidar_kz

Әнші Ернар Айдар өнерге алғаш қадам басқан кезін есіне алып, өз өміріндегі Мұхтар Шахановтың орны жайлы айтып берді. Белгілі ақын жас өнерпаздың жолын ашып беріп, оған батасын берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ернар Айдар Мұхтар Шахановқа деген ерекше құрметін Instagram парақшасында жеткізді. Ол әлі аты шықпай тұрғанда өзіне сеніп, қолдау білдірген ағасына деген сыйластығы шексіз екенін айтты.

Ол Мұхтар Шахановты әр марапатқа лайықты деп есептейді.

"Тәй-тәйлап өнердің табалдырығын аттап жатқан шағымда Талғат ағам, тұлғалар талабыңа бата берсін деп ертіп алып, Мұхтар атама апарып, ақ батасын алған едім. "Болар баланың бетін қақпа белін бу деген қазақпыз ғо деп ақ батасын беріп, ақ тілегін жаудырған болатын. Бүгінде еленіп, ескеріліп "Еңбек ерi" атанып жатқаны жүрегімді елжіретті. Марапатыңыз мәртебеңізді асырып, шарапатыңыз шатыққа бөлеп жүре берсін! Асылдың сынығы, тектінің тұяғы болған өзіңіздей тұлғалар елдің марапаты мен махаббатына әбден лайықты! Мың жасаңыз! Біз сізді жақсы көреміз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайда Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілген болатын.

Әнші Айқын Тқлепберген желіде үндеу жасап, Шахановқа көше немесе қала атауын беруді ұсынды. Ол ұлы тұлғаға көзі тіріснде ескерткіш орнату керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975321-aq-batasyn-aldym-ernar-aidar-oner-zolyna-keluge-sep-bolgan-muxtar-saxanovqa-algysyn-aitty/

pixel