Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын Төлепберген кіші қызының туған күнін атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Әнші Айқын Төлепберген кенже қызы Айяның туған күнін атап өтті. Өнер иесінің перзенті үш жасқа толды. Әртіс атаулы күнге орай балаларына мерекелік шара ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқын Төлепберген қызының жаңа жасын тек өз отбасымен атап өтуді жөн көрген. Әнші төрт баласын алып, Алматыдағы ойын-сауықтыру орталығына апарған. Жұлдызды әке перзенттерінің көңілін көтеріп, оларға естен кетпес туған күн ұйымдастырып берді.

Ол отбасылық кештің қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы Айяға тілек айтқан бауырларының видеосын жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген желіде көпшілікке үндеу жолдап, Мұхтар Шахановқа қала немесе көше атауын беруді ұсынды. Ол ұлы тұлғаға көзі тірісінде ескерткіш орнату керектігін айтып өтті.

Оған қоса өнер иесі жақында су жаңа көлік сатып алып, оны барша оқырмандарына көрсетті. Әртістің таңдауы Porsche Panamera автосына түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975381-aiqyn-tolepbergen-kiskentai-qyzynyn-tugan-kunin-atap-otti-foto-video/

pixel