Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Дидар Кәден қызды болды

Опубликовано:

Дидар Кәден сүйіктісімен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәденнің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің екінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты әртістің өнердегі жақын достары жеткізген. Олар Instagram желісінде ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, өз ақ тілегін білдіруде.

Белгілі болғандай, Дидар Кәденнің келіншегі оған қыз баланы сыйлаған.

Бұл - өнер иесінің екінші перзенті. Оның бірінші некесінен ұлы бар.

Айта кетейік, Дидар Кәден өткен жылдың тамыз айында екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын. Сазгердің таңдауы Лейла есімді биші қызға түскен еді.

Кейіннен ол үйлену тойының суреттерін бөлісіп, сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976105-ansi-didar-kaden-qyzdy-boldy/

pixel