Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анам үшеуіміз тұрамыз": Дидар Кәден алғаш рет той суреттерін жариялады

Опубликовано:

Дидар Кәден әйелімен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден желі қолданушыларына той суреттерін көрсетті. Оған қоса, өнер иесі қалың көпшілікті қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана үйлену тойын дүркіретіп өткізген Дидар Кәден қуанышы кезіндегі суреттерін енді ғана жариялады. Ол Instagram парақшасында жары екеунің фотосымен бөлісіп, оқырмандарын қуантты.

Сонымен қатар, әнші көпшілікті қызықтырған басты сұрақтарға жауап беріп өтті. Ол келіншегімен қашан танысқаны мен олардың жас айырмашылығы туралы айтып берді.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бүгінде анасымен бірге тұрып жатыр.

"Өте жиі қойылып жататын сұрақтарға жауап берейін. Біз 2020 жылдың көктемінде карантин уақытында таныстық. Бір жыл үш ай кездесіп жүрдік. Мен тіра бір жылдан соң үйленуге ұсыныс жасадым. Жас айырмашылығымыз бес жыл. Лейла "Салтанат" атты мемлекеттік ансамблдің әртісі. Мен - Қожамын. Лейла - Арғын. Анам үшеуіміз бірге тұрамыз", - деді Дидар Кәден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935656-anam-useumiz-turamyz-didar-kaden-algas-ret-toi-suretterin-zariyalady/

pixel