Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Нұрболат Абдуллин отбасымен шетелде демалып жүр (фото, видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин әйелімен
Фото: Instagram/nurbullin

Әнші Нұрболат Абдуллин жазғы демалысты пайдаланып, отбасын шетелге алып шығуды жөн көрген. Жұлдызды отбасы бүгінде Черногория елінде демалуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесінің бала-шағасымен саяхаттап жүргені туралы Instagram парақшасынан белгілі болды. Ол Черногориядан түрлі фото мен видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын белсенді түрде көрсетуде.

Белгілі болғандай, жұлдызды отбасы Свети-Стефан атты аралға тоқтаған. Әншінің сөзінше, бұл мекенде таулар өте көп.

Абдуллин ыстық мекендегі демалысынан келіншегімен түскен суретін де бөлісті.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға жақсы демалыс тілеп, өз жылы лебізін жеткізген.

"Жақсы демалыс болсын", "Бір жыл бойы талмай еңбек еттің. Енді демалуға да болады", "Жанұяңмен бірге ел аралауға не жетсін", "Керемет жұп. Естен кетпес саяхат болсын", "Көбірек видео салыңызшы. Біз де Черногорияны көрейік", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін Черногория елінде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова да болып қайтқан еді. Олар бұл демалысына кенже ұлы Ханды ғана алып барған.

Оған қоса, әнші Айгүл Иманбаева да Черногорияға саяхаттап барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977296-ansi-nurbolat-abdullin-otbasymen-setelde-demalyp-zur-foto-video/

pixel