Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танысқанымызға жарты жыл да болмады": Дина Төреәлі сүйіктісі жайлы айтты

Опубликовано:

Дина Төреәлі сүйіктісімен
Фото: Instagram/tattti_kyz

Жақында ғана сүйіктісіне тұрмысқа шығуға келісімін берген Дина Төреәлі өз жүрегін жаулаған азаматқа қатысты пікір білдірді. Блогер арудың сөзінше, ғашығы екеуінің танысқанына жарты жыл да болмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің қарындасы Instagram желісінде жеке өміріне қатысты қойылған басты сұрақтарға жауап берді. Ол сүйіктісімен неше уақыт бойы қыз бен жігіт болып кездескенін айтты.

"Үш ай ғана қыз бен жігіт болдық. Біздің танысқанымызға әлі жарты жыл да болмады", - деп жазды Дина Төреәлі.

Желі қолданушылары ғашығымен тек үш ай ғана кездескен аруды сынға алып үлгерді. Алайда бойжеткен аз уақыт танып, тұрмысқа шыққанда тұрған ештеңе жоқ екенін алға тартты.

Сонымен қатар Дина Төреәлі өзіне түсініспеушіліктер көп болатынын ескертке оқырманына да жауап берді.

"Түсініспеушілікті ақылмен шешсеңіз, өміріңіз қиын емес, керісінше керемет болады. Сүйіп қосылғандар өмірлерін қиындатпауға тырысады. Мен соны білемін. Сүйіп қосылып, түсініспеушіліктен өміріңіз қиындап кеткен соң жазып жатқан секілдісіз. Ол сіздің өміріңіз. Мен сіз емеспін, сіз мен емессіз. Әр түрлі жағдайдан әр адам әрқалай шығады. Жай ғанан бір-бірімізге бақыт тілейікші, кері тартпай", - деп жазды ол.

Оған қоса Дина Төреәлі қалыңдық образындағы фотосын жария етті. "Ұлы дала баласының" қарындасы алдағы тойға дайындықты бастап кеткенін айтты.

Дина Төреәлінің Stories-i
Скриншот: Instagram/tattti_kyz

Айта кетейік, бұған дейін Дина Төреәліге сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алғанын жазған едік.

Артынан бойжеткен өзінің болашақ күйеуіне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол ғашығының хоккейші емес екенін айтып, көпшілік болжамын теріске шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987004-tanysqanymyzga-zarty-zyl-da-bolmady-dina-toreali-suiiktisi-zaily-aitty/

pixel