Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәліні Көлсайда жас жігітті соққыға жықты деп айыптады: Полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлінің басы дауға қалды. Өнер иесі Көлсайда жас жігітке қол көтерді деп айыпталуда. Әлеуметтік желіде осы оқиғаға қатысты видео тарап кетті. Сонымен бірге Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Даулы оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі nargizakapezova_ парақшасында жарияланған. Бейнежазбада жас жігіттің қабақ тұсы қанап кеткенін көруге болады. Ал оның жанында тұрған кісілер Төреғали жас жігітке қол көтергенін айтуда. Артынша видеодан Төреғалиға ұқсайтын жігіт атпен шауып келіп, оған бейәдеп сөздер айтқанын көруге болады.

Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы Кеген ауданы Көлсай көлінде орын алған.

Аталған жайтқа қатысты Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді.

"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілген іс-шараларды Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алады", - деді Рустам Абдрахманов.

Айта кетейік, оқиғаның мән-жайын білу үшін KAZ.NUR.KZ тілшісі Төреғали Төреәлінің менеджерлеріне хабарласқан болатын. Алайда әншінің ресми өкілдерінен жауап болған жоқ.

nargizakapezova_ парақшасындағы Stories
nargizakapezova_ парақшасындағы Stories. Скриншот: Instagram/nargizakapezova_

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990245-toregali-torealini-kolsaida-zas-zigitti-soqqyga-zyqty-dep-aiyptady-policiya-pikir-bildirdi/

pixel