Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі тергеу изоляторынан кепілдікпен босатылады

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі сахнада
Төреғали Төреәлі сахнада. Фото: vkurse.kz

"Көлсай" ұлттық саябағының аумағында гидті соққыға жыққаны үшін айыпталған әнші Төреғали Төреәлі кепілдікпен босатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақпаратты Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі растады.

"Кеген ауданы сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша күдікке ілінген Төреғали Әлиханов 10 миллион теңге кепілдікпен тергеу изоляторынан босатылады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде жас жігітті соққыға жықты деп айыпталған болатын.

Кейін бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 30 қыркүйекте әншінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990676-toregali-toreali-kepildikpen-bosatylady/

pixel