Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке-шешем рұқсат бермеді": Актер Дастен Шәкіров кино саласына қалай келгенін айтып берді (видео)

Опубликовано:

Дастен Шәкіров
Дастен Шәкіров. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Отандық актер Дастен Шәкіров кино әлеміне қалай келгенін айтып берді. Өнер иесінің айтуынша, оның бұл мамандықты таңдауына ата анасы рұқсат бермеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Негізгі мамандығы қаржыгер Шәкіров өзінің өнер саласына келу тарихын "Менің өмірім" бағдарламасында баяндады.

"Менің анам да, әкем де өнерге жақын адамдар. Бірақ өмір бойы басқа салада қызмет атқарған. Екеуінің де муызкалық білімі бар. Мен д 1998 жылы музыка мектебіне түстім. Сол жылы үйге пианино сатып алдық. Мамамның ойнағанын көріп, музыка мектебіне барамын деп шештім. Негізі өнер жолым сол жақтан басталды.

9-сыныпта өнер академиясына түскім келді. Бірақ әке шешем "Мектебіңді аяқта" деп рұқсат бермеді. Мектепті бітіргеннен кейін қаржыгер мамандығына түстім. 2007 жылдан бастап жарнама, бейнебаяндарға түсіп бастадым.

2009 жылы "Жастар саясатына" жұмысқа орналастым. "Болды, өмірімнің өнер бөлігін жаптым" деп кеткенде, бір қоңырау түсті. Ұлттық арнада кастинг жүріп жатыр екен. Бастықтан жарты күнге сұранып, байқауға бардым. Бірақ "кастингтен өтсем екен" деген құлшыныс болмады. Төрт жыл жүгіріп бұйырмаған нәрсе, жәй барғанда жүзеге асып кетті. Ары қарай өздеріңіз көріп тұрсыздар"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992061-ake-sesem-ruqsat-bermedi-akter-dasten-sakirov-kino-salasyna-qalai-kelgenin-aityp-berdi-video/

pixel