"Ешкім білмейді": 91 тобының әншісі Азамат Ашмақын генетикалық сырқаты барын айтып, жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Азамат Ашмақын
Азамат Ашмақын. Фото: instagram.com/acetagrammy

"Ninety One" тобының мүшесі Азамат Ашмақын "Ашығын айтқанда" бағдарламасында алғаш рет генетикалық дерті барын айтты. Өнер иесі осы себепті шашын қысқартпайтынын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шашымды қысқа қылып алғым келеді. Алайда шекемде псориаз бар. Ол қабыршықтанып, шекем жара болып тұрады. Оны емделмейді дейді. Стресс болмаса, дұрыс тамақтансаң азаяды. Ол бірақ генетикалық нәрсе. Ол атамда бар, әкемде, ағамда бар. Ол заттың ешқандай зияны жоқ. Ол қабыршықтанады. Маған ыңғайсыз. Өзім ұялатын болғасын шашымды қысқартпаймын.

Мұны бірінші рет айтып тұрмын. Ешкім білмейді. Шашты боясам, ол шықпай қалады. Егер жараны көбірек тырнасаң, сол жерден шаш шықпай қалу қаупі бар. Сондықтан қазір тиіспеймін", - деді Азамат Ашмақын.

Сондай-ақ топ әншісі тәтті тағамды ұнататынын, көңілі түскенде көп ас ішіп қоятынын да жасырмады.

"Мен көбіне өмірдің мәнін тәтті тамақтан көрем. Көңілім түскен кезде көп жеп қоятын сияқты болам. Өзім кеш жатамын. Кейде таңға дейін ұйықтамай қоямын. Ол стресс көбейтеді. Сосын уақыт өте келе салмақ қосады. Көп салмақ қоспасам да, ішкі күйімді қанағаттандырмайды.

Кейде қалаған затымды жеймін. Маған Оңтүстік Кореяның токпоккиі ұнайды. Донерді жақсы көремін. Шығыс тағамдары ұнайды. Сөйтіп жүріп тамақ талғағыш болдым. Тамақтан керемет әсер іздедім. Бұл негізі өзіме зиян. Әр кезеңнің өз қиындығы болады ғой. Менің қиындығым сол тамақ болып қала берсін", - деді Азамат Ашмақын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін танымал топ мүшесі отбасы жайлы алғаш рет ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992677-eskim-bilmeidi-91-tobynyn-ansisi-azamat-asmaqyn-genetikalyq-syrqaty-baryn-aityp-zan-syryn-aqtardy-video/