Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жер домалақ": Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан кездесті (видео)

Опубликовано:

Нұрболхан Шарапова пен Ләйлә Сұлтанқызы
Нұрболхан Шарапова пен Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/nurbolkhan_sharap

Бірнеше жыл бұрын сотқа арыз жазуға дейін барған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов қайта жолықты. Олардың отандық шоу бағдарламада әзілдескен видеосы желіге тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыздардың видеосы bridgetv_qazaqstan Instagram парақшасында жарияланды.

"Қош көрдік, Ләйлә! "Жер домалақ" демекші, қайта кездестік. "Жүр сөйлесейік" десең, иә?! Әзілдеймін. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы", - деді бағдарлама қонақтарын ду күлдірген әзілкеш.

Айта кетейік, 2019 жылы танымал қазақтандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеке айыптауға қатысты журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үстінен сотқа шағымданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993000-zer-domalaq-laila-sultanqyzy-men-nurbolxan-kezdesti-video/

pixel