Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақова екінші күйеуімен түскен суретін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Байзақова отбасымен
Байзақова отбасымен. Фото: instagram.com/alanssultan

Күні кеше неке қию туралы куәлігін көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұраған блогер Айжан Байзақова отбасылық суретін желіге салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогердің отбасылық суреті ұлы Аланның парақшасында жарияланған.

Айта кетейік, ұлының Instagram парақшасын Байзақованың өзі жүргізеді.

"Анамды құттықтаймын. Біздің отбасымыз керемет", - деп жазылды сурет астына.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айжан Байзақоваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Арада біраз уақыт өткенде желіде Байзақованың ұзатылған сәтінен видео пайда болды.

Ал күні кеше Айжан Байзақова көпшілікке неке қию туралы куәлігін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993720-aizan-baizaqova-otbasylyq-suretimen-bolisti-foto/

pixel