Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз үйім - өлең төсегім": Ақбота Сейтмағамбет жаңа пәтер алды(видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

"Отандық актриса Ақбота Сейтмағамбет пәтер алғанын айтып, көпшілікпен қуанышын бөлісті. Ол су жаңа пәтерінің видеосын Instagram желісінде жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға сансыз шүкір! Адал еңбекпен тағы бір арманыма қол жеткіздім. Өз үйім - өлең төсегім", - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары актрисаны жаңа баспанасымен құттықтады.

"Құтты болсын", "Үйіңіздің іші берекеге толсын", "Балаларыңа құтты шаңырақ болсын", "Үйсіз жүргендердің бәріне жұғысты болсын", "Шын жүректен құттықтаймыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, актрисаның бір ұл, бір қызы бар. Ол актер Дәурен Айдарқұловпен шаңырақ көтеріп, кейінірек ажырасып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Сейтмағамбет осыған дейін өмірде біраз қиындықты бастан өткергенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996505-oz-uiim-olen-tosegim-aqbota-seitmagambet-zana-pater-aldyvideo/

pixel